top of page

5В010900-педагогика бағытындағы математика мамандығы бойынша мамандар дайындау 2004-2005 оқу жылынан басталған. Қазіргі таңда мамандық бойынша студенттер күндізгі және сыртқы бөлімде мемлекеттік грант,  квота (Түркия)  және ақылы негізде оқиды. Курстарда дәріс қазақ, орыс тілдерінде және  2011-2012 оқу жылының 2-ші жартысынан бастап  ағылшын  тілінде  жүргізілуде.

Мамандық лицензиясы АБ №0137408, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03.02.2010 жылғы №168 бұйрығы негізінде берілген және мерзімі шектеусіз.

Математика мамандығын бітірушіге математика бакалавры академиялық   дәрежесі  беріледі.

Берілген мамандық бойынша бітіруші бакалавриаттар орта мектептерде, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында математика және математика мен информатика оқытушысы қызметтерімен айналыса алады.  

 

5В060100 - ғылыми бағытындағы математика мамандығы бойынша мамандар дайындау 2004-2005 оқу жылынан басталған. Қазіргі таңда мамандық бойынша студенттер күндізгі бөлімде мемлекеттік грант,  квота (Түркия)  және ақылы негізде оқиды. Барлық курстарда дәріс мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мамандық лицензиясы АБ №0137408, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03.02.2010 жылғы №168 бұйрығы негізінде берілген және мерзімі шектеусіз.

Математика мамандығын бітірушіге  математика бакалавры   дәрежесі  математик,  математик-оқытушы, математик-қолданушы,  математик-экономист, математик-актуарий, математик-жүйелік программист (математика салалары бойынша) біліктіліктерімен қоса   беріледі.

Математика бакалавры ұйымдық-басқару  құрылымдарында маман, жетекші маман, жетекші математик инженер, математик программист, математик экономист, математика-актуарий,  ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарындағы кіші ғылыми қызметкер, жүйелік программист, компьютерлік желілердің жүйелік басқарушысы, орта-арнаулы және орта мектептердегі, лицейлер мен гимназиялардағы математика, информатика, математика-информатика пәндерінің оқытушысы және басқа да білім мекемелерінде қызметтерін атқара алады. 

bottom of page